Өскемен қаласындағы Солжағалау саябағына кіру бағасы өзгерді

531
көрілім

Бұдан былай Өскемендегі Солжағалау саябағына 15 жасқа дейінгі балалар мұражай-қорықтың хайуанаттар бағын қоспағанда, барлық басқа бөліктерін тегін аралай алатын болды. Ал хайуанаттар бағына жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер ғана тегін кіре алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Мамыр айынан басынан бастап Солжағалау саябағында біраз өзгерістер орын алды. Саябақ аумағы келушілер үшін бұрынғыдай тегін болғанымен, жасы 15-тен асқан қонақтар үшін кешеннің этноауылы мен көрме залдарын аралау құны 400 теңгеге түспек. Сондай-ақ, аталмыш билет хайуанаттар бағынан басқа бөлімдерді аралауға да мүмкіндік бермек. Хайуанаттар бағына кіру билеті ересектер үшін — 300 теңге, ал жеті жастан жоғары балалар үшін 100 теңге. Есесіне, 1-ші мамырдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар үшін саябақтың басқа бөлімдері мен көрме залдарына кіру тегін.