Өскемен қаласының әкімі болып Қуат Тұмабаев тағайындалды

1127
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған Қуат Тұмабаев Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қуат Тұмабаев 1980 жылдың 30 қазанында Семейде дүниеге келген. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері болып бастаған. 2005 жылдың сәуір айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау Департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарған. Облыс әкімінің орынбасары болмай тұрып, облыстық экономика эәне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған.