Өскемен тұрғындары заңгерлерден тегін кеңес алды

287
көрілім

22 қараша күні сағат 17:00-де Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 5 оқу ғимаратында (Қазақстан, 55 көшесі) «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы өтті. Қала тұрғындары заңгерлер мен қорғаушылардан тегін ақыл-кеңес алды, деп хабарлайды, Buqara.kz тілшісі. Бесінші жыл өткізіліп отырған акцияны zakon.kz интернет-жарияланым, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Параграф» ақпараттық жүйесі ұйымдастырған. Бір ерекшелігі, бұл шараның әлемде баламасы жоқ болып табылады. - Осы жылы іс-шараны ШҚО-ның 3 қаласында ұйымдастырдық. Яғни, Өскемен, Семей және Аягөз қалаларында өтіп жатыр. Акцияны бір апта бұрын БАҚ-пен әлеуметтік желілерде хабарладық. Бүгін бұл жерге 50 мемлекеттік орган, 15 қорғаушы жиналды. Оларға тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды, - дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілі, алдын алу және тұрақты басқару миссиясының қызметкері Арыстан Асқарович. Аталмыш акция аймағымызда ғана емес, республиканың барлық ірі қалаларында бір уақытта өткізілді. - Бұл акция тек біздің қаламызда емес, республика бойынша өткізіліп отыр. Қала тұрғындары үшін өте пайдалы шара деп ойлаймын.Себебі басқа күндері қорғаушылардың кеңестерін алу ақылы болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақын болуы керек, - дейді азаматтық отбасы және еңбек құқығын қорғаушы Мырзағалиева Дана Әділбекқызы.