Өскемен Зайсан көлінің арқасында құрылғанын білесіз бе?

451
көрілім

1715 жылы, Солтүстік соғыстың қызған шағында, Ұлы Петрдің бұйрығымен біздің өлкеге бригадир Бухгольц басшылық еткен 300 адамнан тұратын экспедиция жіберілген болатын. Оларға Зайсан көлінің жағасынан бекініс салу тапсырылды. Себебі ел арасында бұл жерде алтын құм бар деген сенім болатын. Бухгольц Ямышевский және Омбы бекіністерін салады, ал көлге өзінің адамы — майор Лихаревті жібереді. Лихарев және 400 солдат Ертіс арқылы Зайсанға дейін тақтайша қайықтармен жүзіп келеді. Бірақ алтын да, бекініс тұрғызатын ыңғайлы орын да таба алмайды. Оған қоса, жоңғарлардың шабуылына ұшырайды. 1720 жылы Ертіс пен Үлбінің біріккен жеріне қайта оралған Лихарев Усть-Каменный бекінісінің негізін қалайды. Осылайша Зайсан экспедициясы біздің қаламызға бастау берген екен.

Зайсан көлі ШҚО-дағы көлемі бойынша екінші орында тұр. Ол Алакқлге қарағанда толық біздің облыстың аумағына кіреді. Аумағы — 1810 шаршы шақырым, теңіз деңгейінен 420 метр биіктікте орналасқан. Тереңдігі — 15 метр. Көл Алтай, Тарбағатай және Қалба жоталарымен қоршалған алқапта жатыр.

Атауының шығу тегі моңғол тілінен алынған. Көлден 60 шақырым жерде Қазақстанның Қытаймен шекарасы өтеді.

Көлге 10 өзен құйып, Шығыс Қазақстанның басты су күре тамыры болып табылатын Ертіс өзені ағып шығады.

Зайсан көлінде ірі балықкәсіптік аймақ орналасқан. Ол балыққа өте бай: оның суын көксерке, шортан, нәлім, алабұға, аққайран, қарабалық, табан, мөңке балықтары мекен етеді. Тарихшылардың айтуынша, Бұқтырма ГЭС іске қосылғанға дейін көлдің суынан бекіре және ақбалық ұстауға болатын.