Өскеменде 9 жасар қызды автобус басып кетті

442
көрілім

Өскеменнің шетіндегі Согра кентінде аялдама маңындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 9 жасар қызды автобус басып кетті. Бала оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Согра кентінен қалаға Абай даңғылымен келе жатқан қоғамдық көліктің 46 жастағы жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, жас баланы абайсызда басып кеткен. Жол апаты туралы хабар «102-ге» 16 мамыр күні түскен. Жол-көлік оқиғасы сағат 17:00 шамасында болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жіберілді.