Өскеменде Алтай ауданының жәрмеңкесі өтті

365
көрілім

Аудан әкімдігінің өкілдері ұсынған мәліметке сәйкес ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 12 ауылдық округтер мен ауылдардан тауарлар жеткізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сенбілік таңда тұрғындар әдеттегідей «Freshmarket» фермерлік гастрономына қарай ағылды. Бұл жолы алтайлықтар 2 тонна жылқы, 2,2 тонна сиыр етін, жарты тонна күнбағыс майын, сондай-ақ 0,3 тонна бал әкелді.

– Жылқы етінің бір келісі – 2300 теңгеден сатылды, яғни Өскемен бойынша орташа нарықтық бағадан 11,5 %-ға төмен. Ал сиыр етінің бір келісі – 2100 теңгеден саудаланған. Балдың бір келісі 1000 теңгеден бағаланып, бұл орташа нарықтық бағадан 40%-ға арзан болды, – деді әкімдіктегілер.

Қолда бар ақпарға сүйенсек, жәрмеңкеде 9,7 млн теңгенің өнімі сатылып, 12 ауылдық округ пен ауылдардан қалалықтардың тұтынуына сай келетін ауылшаруашылық тауарлары әкелінген.