Өскеменде автобус трамвай рельсіне шығып кетті

334
көрілім

Жол-көлік оқиғасы болған сәтте қоғамдық көлікте жолаушылар болған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға 24 желтоқсан күні Нұрмағамбетов-Чехов көшелерінің қиылысында орын алған.

Өскемен қалалық Полиция басқарамасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  №44 автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай трамвай рельстерінің жолағына шығып кеткен.

- Автобуста 10 жолаушы болған, зардап шеккендер болған жоқ, - делінген хабарламада. - Кінәлі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.