Өскеменде бөтелкелесінің телефонын жымқырған ер адам ұсталды

650
көрілім
Шартты фотосурет

Маусым айының 16-нда Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс ПБ «102» жедел арнасына 35 жастағы тұрғыннан телефон ұрланғандығы жайлы қоңырау түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 8-ші маусым күні сағат 16.00 шамасында Согра кентіндегі Үлбі өзенінің жағасында спирттік ішімдіктерді ішу барысында белгісіз біреу мас күйінде ұйықтап қалғанын пайдаланып, қымбат смартфонын жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Осылайша 100 000 теңге материалдық шығын келтірген.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Согра ҚОП криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 26 жастағы жігітті анықтап жеткізді, ол жауап алу барысындакінәсін мойындады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.