Өскеменде қайырымдылық жасау мақсатында шара ұйымдастырылды

337
көрілім

«Үміт-2019» жәрмеңкесіне сотталғандардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдары қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Жыл сайын жасалатын көрме биыл өзгеше. Түскен ақша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілмек.

Барлығы ағаштан жасалған 130 қолөнер бұйымы қойылды. Оның ішінде кемелер, шахмат, нарды тақталары, ұлттық музыкалық аспаптар, сағат, картиналар т.б. бар.

– Бүгінгі күні кәсіпкерлік негіздерін оқуға 6 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 24 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7 адам, қоғамдық жұмыстарға 64 адам жіберілді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 171 адам жұмысқа орналастырылды, – дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысының орынбасары Тимур Жигитаев.

Ескерте кетейік, ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында заңгерлік, психологиялық, медициналық көмек көрсету үшін «Антарес-А» қоғамдық қорымен келісім жасалған еді.