Өскеменде «Қазцинк» кәсіпорнынан шыққан өрт түн жарымында сөндірілді

615
көрілім

Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 арнайы техника мен 60 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО ІІД-не сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, мыс балқыту зауыты аумағындағы бункерлер ішіндегі жеңдік сүзгілер жанған. Өрттің шарпу аумағы 50 шаршы метрді құрады. ШҚО ІІД хабарлауынша, өрт қала тұрғындарының өміріне қауіп төндірмейді. Тілсіз жау сағат түнгі 00:20 уақытында толық сөндірілді. Оқиға орнында мамандар жұмыс жүргізуде.