Өскеменде «Менің Елім - Менің Туым» акциясы өтті

644
көрілім

Шара бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ШҚОФ белсенділерінің қолға алуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Менің Елім - Менің Туым» акциясы аясында Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлерге Ту ілінді. Amanat партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Қорлан Туғамбаеваның сөзінше, акция ел көлемінде қазан айының 21-і күні басталды. Оның мақсаты - париотизм мен бірлікті нығайту.
 - Бүгін облыс орталығында өткізіп жатырмыз. Қаламыздың белсенділері көпқабатты үйлердің біріне көк байрағымызды ілді. Республика күні қарсаңында мұндай шаралар халықтың көңіл-күйін көтереді деп сенеміз, - деді ол.
Шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының ШҚОФ, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ белсенділері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, белсенділік танытты.