Өскеменде «Митцубиси-Шариот» маркалы автокөлік қозғалыс кезінде өртеніп кете жаздады

808
көрілім

Облыс орталығында бір тәуліктің ішінде екі өрт жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше кешкі сағат 20:00 шамасында «Митцубиси-Шариот» маркалы автокөлік қозғалыс уақытында өртеніп кете жаздаған. Үлбі өзені арқылы өзеннің көпірінде кетіп бара жатқан көліктің қозғалтқышынан от шыққан.

Көліктің иесі өз күшімен тілсіз жауды ауыздықтауға тырысқанымен, күші жетпей, ақыры өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр болыпты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты бірден сөндірді. Оттың шығуына қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болуы мүмкін.

Дәл осы күні түнгі уақытта «Белый налив» саяжайлық қоғамдастығының аумағындағы сайжайлық үй өртке оранды. Өрттің шарпу аумағы 24 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілердің жедел жетуі мен шұғыл әрекетінің арқасында тілсіз жау бірден ауыздықталған. Оттың шығуына электр құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болуы ықтимал.