Өскеменде полицейлер ер адамды өрттен құтқарды

290
көрілім

Өскеменде полиция лейтенанттары өрттен ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

2019 жылы қараша айының 22-нен 23-іне қараған түні сағат 2.00 шамасында Бажов көшесінің бойындағы 4-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Оның оқиға орнына 2 өрт сөндіру техникасы дереу келіп жеткен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция лейтенанттары Лукьянов Евгений мен Бердікбаев Саят 1956 жылы туылған ер адамды қызыл жалын шарпыған пәтерден алып шықты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар түтінді байқай сала 4 қабатқа тез көтеріліп, өрт шыққан пәтер есігін сындырып кіріп, ер адамды алып шыққан.Оқиға орнына келген дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті, кейін зардап шегуші түтіннен улану және 3-дәрежелі күйік белгілері бойынша 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндірушілер аумағы 2 метр жерді жарпыған қызыл жалынды дер езінде ауыздықтап үлгерді.