Өскеменде трамвай қозғалысы шектеліп, №15 автобус бағыты іске қосылды

653
көрілім

Өскемендегі трамвайлардың қозғалысы шектеліп, олардың орнына қосымша автобустар шығарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осыған дейін белгілі болғандай, «Шығысэнерготрейд» ЖШС трамвай паркінің 62 миллион теңге қарыз екенін хабарлаған болатын. Егер бұл сома 22 қарашаға дейін өтелмесе, энергетиктер 22 қарашада паркті электрмен қамтуды шектейтінін мәлім еткен.

— «Шығысэнерготрейд» ЖШС осы айда қарыз компанияның 500 мың теңгені ғана өтегенін хабарлады. Ал қаладағы трамвайлардың жүріп тұруы үшін шамамен 4-5 млн теңге керек. Осылайша, ертең сағат 10:00 бастап 16:00-ге дейін трамвайлардың қозғалысы үшін электр тарату шектелетін болады, — дейді «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов.

Электрді шақтап беру шарасы қарыз өтелгенше жалғаса бермек.

Өз тарапынан қалалық әкімдік өскемендіктерді қажетті қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар жасап жатыр.

«ТҮКШ бөлімі мен Жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы №3 және №4 трамвайлардың қозғалысы бойынша қажетті шараларды жасайды. Осылайша, ертеңнен бастап №27 автобустың бағдары өзгеріп, жаңадан №15 автобус қалалықтарға қызмет көрсете бастады, — деп хабарлайды Әсем Сексенова.

Екі автобус трамвайлардың қозғалысы шектелген уақытта халыққа қызмет көрсететін болады.