Өскеменде зейнетақы мәселесіне қатысты жауапты басшылар тұрғындармен кездесу өткізеді

574
көрілім
Зейнетақы көлемі мен құрметті демалысқа шығу жасының ұзаруы туралы мәлімет оқырман қауымды қай кезде де қызықтыратыны рас. Ендеше, бұдан былай Өскемен қаласының тұрғындары аталмыш мәселелерге байланысты сұрақтардың жауабын әр айдың соңғы жұмыс күнінде ұйымдастырылатын «Ашық есік күндерінде» ала алатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің ШҚО бойынша Департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен (бұрынғы зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы (ГЦВП) бірлесіп әр айдың соңғы жұмыс күнінде әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттары бойынша (2017 жылдың 1 шілдесінен батсап зейнетақы төлемдерінің артуы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел адамдардың зейнетақы жасының ұзартылуы, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық төлемді тағайындау тәртібінің өзгертілуі жайында) азаматтарға «Ашық есік күнін» өткізеді, – дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Сәтеков.

«Ашық есік күндері» Өскемен қаласында 2017 жылдың 26 және 28 сәуірі күндері таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан көшесі, 3 мекенжайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті ғимаратының екінші қабатында өткізіледі. Сондай-ақ, осы мазмұнды кездесу мамыр айының 4 және 18 күндері сағат 09:00-18:00 аралығында (түскі үзіліс 13:00-14:00) ұйымдастырылады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ