Өскеменде жер үйлердің бірінде өрт шығып, 1 адам қайтыс болды

525
көрілім

30 қазан күні облыс орталығындағы Крупская көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінде өрт шығып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тілсіз жау жер үйдің шатырында тұтанған. Өскемен қалалық ТЖБ-ның мәліметіне сүйенсек, өрт таңғы сағат 4-шамасында орын алды.

Крупская көшесіндегі жеке тұрғын үйде үлкен өрт фактісі тіркелді. Тілсіз жау бірқабатты жер үйдің шатырынан шықты. Өрттің күштілігі сонша, лаулаған от терезелерден сыртқа қарай жалын атқан. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында күйіп кеткен мәйіт табылды. Соңынан белгілі болғандай, қайтыс болған азамат үй иесінің ұлы болып шықты. Өртті өшіруге жеке құрамнан 17 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылған, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, көршілер көз жұмған ер адамның маскүнемдікке жиі салынатындығын айтқан. Тілсіз жаудың себебі – өртті абайсыз қолданудан болуы мүмкін.