Өскеменде жуырда «Бала дауысы – 2017» сайысының іріктеу кезеңі өтеді

1087
көрілім
15 мамырда сағат 09:00- ден бастап Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында «Бала дауысы – 2017» сайысына іріктеу жүргізіледі. Іріктеуге 2004-2010 жылы дүниеге келген балалар қатыса алады. Іріктеу сайысында әнші Мақпал Исабекова төрелік ететін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Бала дауысы» ұлттық балалар әндерінің байқауы – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы. Кастингке баланың туу туралы куәлігі міндетті үрде болуы тиіс. Республика бойынша өңірлердегі іріктеу сайысы 13 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді. Ал байқаудың жеңімпазы күзде анықталмақ. Топ жарған өнерпаз Париж қаласындағы Диснейлендке жолдама алып, Қазақстанның үздік оқу орындарының біріндегі грантқа ие болады.

Мейрамбек Қосажан