Өскемендегі өнер музейінде онлайн-дөңгелек үстел өтті

696
көрілім

Желтоқсан айының 11-і күні Шығыс Қазақстан өнер музейі Тәуелсіздік күні қарсаңында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған "Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы: Алтын Орда дәуірі- Қазақ хандығы-Алаш автономиясы" тақырыбы аясында онлайн-дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz

Шараға Қазақстан мемлекеттілігінің тарихына арналған "Тарих жебесі" көрмесі арнайы қойылды. Бұл тақырып-тек кәсіби тарихшылар үшін ғана емес, сонымен қатар сюжеттік суреттермен жұмыс істейтін өнертанушылар мен суретшілер үшін де өзекті.

Карантиндік шектеулер жағдайында музей қызметкерлері Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі салаларының мамандары үшін қауіпсіз ережелерін сақтай отырып, ынтымақтастықпен ұйымдастырды. Негізгі баяндамалар Нұр-сұлтан, Алматы, Қостанай, Семей, Өскемен қалаларынан ұсынылып, ZOOM бағдарламасында тыңдалды.Дөңгелек үстелдің модераторы өнер музейінің директоры Б.К. Уябаева және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы З.Е. Кабулдинов болды.

Дөңгелек үстелде тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттану кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Социология Академиясының академигі Б. Г. Аяған, филология және философия ғылымдарының докторы, Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының тарих факультетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор А.А. Әбсадықов, Л.Н Гумилев атындағы "Алаш" ғылыми-зерттеу институтының директоры С. Аққұлы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор А. Е. Исин, тарих ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тарих кафедрасының доценті М. К. Ақанов бейне-баяндама жасады.

Жарыссөзге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы А. Ф. Жақсылықов, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ қорларының бас сақтаушысы А. Т. Баелова, сонымен қатар музей қызметкерлері, суретшілер, БАҚ өкілдері қатысты.