Өскемендегі театр маусымы «Өмір-өзен» музыкалық қойылымымен басталды

941
көрілім
Шартты сурет

Тамаша туындының куәсі болған көпшілік «Қазақ вальсінің» королі атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына негізделген қойылымды тапжылмай отырып тамашалауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен қоюшы режиссер еңбегін айта кетпеске болмас. Абай Дәулетұлы қоюшы суретші Есбол Нұрсадықовпен бірлесе сахна тіліне ғана емес декорация мен костюмдерге де жіті мән беріпті. Бірден костюмге тоқталғанымыз, қойылым басталғанға дейін туындының тереңіне сүңгіген өнерпаздар 1960-80 жылдарға жетелеп әкетті. Бұрымдылар мен жастар біркісідей ырғақты биді жарасымды орындап, жан-жаққа жылы шыраймен көз тастады. Музыка мәресіне жеткен соң спектакль басталғанша бір сәт тыныштық орнап, зал аз уақытқа сілтідей тынды. Дегенмен жұманың кеші аз уақыттан соң нағыз тосынсыйға ұласты. Талантты өнерпаз Назым Тайменоваға Алғыс хат табысталды. 
 - 2015 жылы есігін айқара ашқан театр біршама белесті бағындырып үлгерді. Оңтүстік Корея, Қырғызстан елдеріге гастрольдік сапармен барып қайтты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тағы бірнеше қойылым әзірленіп жатқанынан хабардармыз, - ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы деді Нұрболат Қадырұлы.
Өз кезегінде басқарма басшысы бірнеше актерді Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан соң шаһар басшысы да сөз алып, 7 маусымның ашылуымен барша қонақтарды құттықтады.
 - Біршама талантты актеріміз өзге театрларда өнер көрсетуде. Сіздерге тек сәттілік. Қалалық әкімдік атынан қолдау білдіруге тырысамыз, - деді ол.
Жекелей талдаудың өзі артық болар, болашақ компазитордың әкесі Қалдаяқ пен анасы Сақыпжамалдың жарқын бейнесі айтарлықтай сәтті образдалған. Кейін қазақ поэзиясы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Мұзафар Әлімбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов сынды марғасқа жандар XX ғасырдың тағы бір қақпасын басқа қырынан ашуға мүмкіндік бергендей. Жалпы, қойылымды бар ықылыспен тамашалау ғана қазақ қоғамына музыкалық төңкеріс әкеліп, тылсым әуеннің тұңғиығына бойлатқан айрықша дарын иесі әндерінің шығу тарихын, автор ғұмырындағы елеулі оқиғалар мен шыңға шыққан жандарға қаратылған көре алмаушылық қадамдары спектакльден өн бойы көрініс береді.
 Мұнда көпшілікке таңсық Өзбекстан астанасы да сөз етілді. 
– Мен үшін Ташкент шаһары жастық шағымның жарқын көрінісі. Сондағы музыкалық училищеде оқыдым, – дей келе Жұмекен Нәжімеденов жайлы жылы естелік айтуы қазақ музыка майталмандарымының бір-бірлеріне деген асқан сыйластығын байқатты.
Жұмекен Нәжімеденовты таланты актер Әлібек Малшиев, шоқтығы биік ақын Қуандық Шаңғытбаевты Абай Хасенов сомдаса, Ақан серінің бейнесін алып шығу Едіге Ақылбековке жүктеліпті. Жиналған жұрт соншама тағдыр иелерінің образын бірнеше сағатта шебер алып шығып жатқандарын сыбырласып айтып жатты.
Әділхан Есімханов