Өскемендіктер Жәния Аубакированы қарсы алды

371
көрілім

Қазақстанның халық әртісі ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Коцерт залы көрермендерге лық толды. Өнерсүйер қауымның Жәния Аубакированың орындауындағы әлемге әйгілі шығармаларын тыңдауға деген құлшынысы шексіз болды.

– Музыка – бұл біздің әлемнің айнасы. Түрлі дыбыстар арқылы өмірді түсініп, музыка тілі арқылы сөйлей аламыз. Бұл сөзден де көне тіл, – деді Жәния Яхияқызы.

Танымал өнер қайраткерімен бірге облыс орталығына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Фортепиано» кафедрасының доценті Гүлнәр Курамбаева да келді.

Жәния Аубакирова – атақты пианист, Қазақстанның халық әртісі. Ол 20 жылдан аса Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын басқарған.

Мәдениет және білім саласындағы еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ

Фото авторы: Анна Булгакова