Өскеменге ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов

341
көрілім

Марат Едігеұлы облыс орталығының бірнеше денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде көпсалалы онкология және хирургия орталығын аралады. Айта кетейік, ол 2 жылдай (2017-2019 жылдары) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.

Бірінші вице-министрге жөндеуден өткен операциялық бөлмелер көрсетілді. Онда соңғы үлгідегі жоғары технологиялық жабдықтармен оталар жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді бағдарламасы өңірдегі онкологиялық қызметтің әлеуетін нығайтуға ықпал етті. Осы бағдарламаның арқасында онкологиялық диспансердің өзі қайта жаңғыртылып, жөнделді. Операциялық бөлім, жансақтау бөлімі, реанимация бөлімі, зарарсыздандыру бөлімі, сондай-ақ маммология және гинекологиялық онкология бөлімдері жаңартылды, бірегей медициналық қондырғылар орнатылды.

Сонымен қатар Марат Шорановқа сандық диагностикалық кескіндерді сақтауға және мұрағатқауға арналған PACS жүйесінің жұмысы көрсетілді.