Өткел өткізе бастады

264
көрілім

Биылғы жылдың 15 сәуірінен бастап Күршім мен Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» өткелі өз жұмысын бастады.

Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Күршім және Көкпекті аудандарын байланыстырып тұрған «Қызыл ту» өткелі іске қосылды.

Паромның биылғы маусымдағы жүру кестесі мен көлік түрлерінен алынатын төлемақы бағасын газетіміздің алдағы сандарының бірінде жариялайтын боламыз.

Айта кету керек, енді облыс орталығынан Күршім ауданына жол тартқан жолаушылардың жол мұраты жеңілдеді. Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар осыған дейін Зайсан арқылы шамамен 700 шақырым, ал Зырян ауданы арқылы 400 шақырымдай жол жүруге мәжбүр болса, енді өткел арқылы 200 шақырымдық жолмен діттеген жеріне жете алады.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ