Риддер қаласында ер адам араққа ақша сұрап мазасын алған туған ағасын өлтіріп тастаған

271
көрілім

Риддер қаласының тұрғыны араққа ақша сұрап мазасын алған туған ағасын гантельмен ұрып өлтірген. Бұл жайлы ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс-материалдарынан белгілі болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Гагарин көшесіндегі пәтерде отырған Андрейдің (есімдері толықтай өзгертілген) қасына мас күйінде келген ағасы Павел ішімдік алу үшін ақша сұраған. Алайда бауыры сұрағанын бермеген соң, адам өлтіру ниеті болмаған ер адам қолына пышақ алып оны қорқытпақ болады. Сол кезде ол абайсызда Андрейдің саусаған тіліп жіберген. Бұған ашуланған 43 жастағы еркек жатын бөлмеден салмағы 4 келі темір гантельді қолына алып, ағасына атыла жөнелген. Басына екі рет соққы тиген Павел сол жерде жантәсілім етеді.

Осыған байланысты сот ісі Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады.