Риддерде қар көшкіні жүруі мүмкін

244
көрілім

Риддер қаласының аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Риддер қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, 27-31 қаңтар аралығында тұрғындарға таулы жерлерге барудан бас тартқан жөн.

- Алдағы 4 күнде Риддерде көшкін жүру қаупі бар. Осыған орай қазір сол аймақтарда тұратын жұрт қауіпсіз жерге көшірілуде, - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі рет қар көшкіні жүрген болатын.