Риддерде үйлерге ыстық су беріле бастады

233
көрілім

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қаланы аралап, үйлердің ыстық сумен қамтылуын қадағалап жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға бірнеше мекенжайға барды. Үйлерге барып, тұрғындармен кездесті. Айтуынша, барлығы кезең-кезеңімен жалғасады.
- Бүгін қыркүйек айының 30-ы. 4-ші шағын аудан, 6а мекенжайына бардық. Ыстық су берілуге шақ. Жалпы, барлық үй ыстық сумен қамтылады. Кешкісін тағы тескеріп шығамыз, - деді қала басшысы.
Аталған үйдің жетекшісі Галина Кисилева да мұны растап, ескірген құбырлар қалыпқа келтірілсе, барлығы ойдағыдай екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, жауапты тұлғалар тағы бірнеше мекенжайға барып, жұмыс барысымен танысты.