Семей – Курчатов тас жолы құбырдың шайылып кетуіне байланысты әлі де жабық

635
көрілім

Тюбингті құбырды су шайып кетуіне байланысты «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы барлық көлік түрлері бойынша жабық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтының ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан жекелеген тасжолдар жабық күйінде қалған. Шығыс Қазақстан облысында 20 сәуірден бастап тюбингті құбырдың шайылып кетуіне байланысты «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырым аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабық тұр. Айналма жол ұйымдастырылған.