Семей тұрғыны танысының құжаттарын пайдаланып 1 млн теңге несие ресімдеген

452
көрілім
Шартты фотосурет

Полиция қызметкерлері алаяқтық фактілерін алдын алу үшін тиісті шараларды жүргізіп жатқандарымен көпшілігі әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір тәртіп сақшылары әлеуметтік желілер мен БАҚ-тар дербес деректерді таратпау, оларды ешкімге мессенджерлер арқылы жібермеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға мұқият болу қажеттігі туралы үнемі ескертеді.

- Алайда азаматтар бұл сақтық шараларын елемеуде. Мұндай алаяқтықтардың арбауына Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны түсіп қалды. Ол 20 тамызда Орталық полиция бөліміне барып 2021 жылдың шілдесінде сенімге кірген танысының құжатын пайдаланып, банктердің бірінде 1 млн. теңге сомасына несие ресімдегенін хабарлаған, - делінген ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, 24 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.