Семейде алтын бұйымдар ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

624
көрілім
Шартты фотосурет

Семей қаласының полиция бөліміне алтын бұйымдары жоғалғанын хабарлаған әйел адам жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, 45 жастағы әйел өткен жылдың маусым айында бейтаныс жігіт алдап үйіне кіріп, алтын алқасын, ерлерге арналған алтын білезігін және 585 сынамалы екі жұп алтын сырғасын иемденгеніне шағымданған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап жеткізді, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.