Семейдің өрт сөндірушілері 10-қабаттың балконынан шыққан өртті ауыздықтады

818
көрілім

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Семей қаласының Ибраев көшесіндегі үйден шыққан. Үйдің иелері бірден өрт сөндірушілерге хабар беріп, өздері сыртқа шығып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өрттің шыққан үй жақын жерде болғандықтан, өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жеткен. Келгеннен-ақ 10-қабатқа 40 метрлік баспалдақты тартуға тура келді. Жедел әрекеттің арқасында өрт сөндірушелр балкондағы өртті ауыздықтап, тілсіз жаудың басқа үйлерге тарап кетпеуінің алдын алды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Өрттің шарпу аумағы 10 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудың туындауына темекі тарту кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін. Өртті сөндіруге 9 өрт сөндіруші мен 4 арнайы технка жұмылдырылды.