Серебрянск қаласында 120 бала жаңа балабақшаға барады

314
көрілім

Бірінші Президент Күнінде Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Серебрянск қаласында «Берік» жекеменшік балабақшасының салтанатты ашылуы өтті.

Айта кетсек, балабақша «Берик К» компаниясының арқасында салынып отыр. Бұл компанияның басшысы — Венера Мусина.

Жаңа балабақшаның ашылуы қала үшін маңызды оқиға болды. 34 қызметкер жаңа жұмыс орнына ие болды. Балабақшада 120 орынды 4 топ жұмыс істейді. Олар 1,5 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Түнгі уақытта жұмыс істейтін ықшам аудан тұрғындарының қалауына байланысты алдағы уақытта тәулік бойы жұмыс істейтін топ ашу жоспарда бар.

Бүлдіршіндерге жайлы жағдай жасалған: ыңғайлы топ бқлмелері, балалар жиһаздарының ерекше конструкциясы, алуан түрлі ойын және дидактикалық материалдар.

Ата-аналар төлемінің көлемі 11600 теңгені құрайды.

Балабақшаны Қазақ ССР еңбек сіңірген ұстазы — Туембаева Александра Накасымовна салтанатты түрде ашты.