ШҚО ауылдарына роботты техниканы құрастыруға керек қондырғылар сатып алынады

563
көрілім

ШҚО ауылдарындағы мектептерге роботтарды жинауға арналған құрал-жабдықтарды сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінбек. Бұл тапсырманы облыс әкімі Даниал Ахметов Көкпекті ауданына барған жұмыс сапарында берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылы, Казнаковка орта мектебінде роботты техника сыныптары жұмыс істеп тұр. Онда балалардың заманауи ақпаратттық технологиялар саласындағы қабілетін дамытуға арналған бағдарлама да жасалған екен. Алайда олардың толыққанды жұмыс істеу үшін кейбір қондырғылардың жетіспеушілігі сезілуде. Аймақ басшысы бұл сыныптарды облысымыздың барлық мектептерінде ашу қажеттігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, облыс әкімі тиісті қаражат бөлуге тапсырма беретінін атап өтті.

Егер балалар үшін бұл қызық болса, роботтарды құрау ұнаса – көмек қолын неге созбасқа? Облыстық бюджеттен қаражат бөлуге дайынбыз, – деді Даниал Ахметов.

Қаражат арнайы роботты техника сыныптарын ашу қажеттілігі туындап отырған және құрал-жабықтармен қамтамасыз ету үшін материалдық қолдауды қажет ететін мектептерге ғана бөлінбек.