ШҚО ауылдарында бассейндер ашылмақ

319
көрілім

Төрт елді мекенде бассейн, денешынықтыру-сауықтыру орталықтары мен Мәдениет үйлері салынады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың ақпан айында басталған «Ауыл - Ел Бесігі» арнайы жобасы аясында біздің облыста ауыл өмірін жақсартуға арналған сегіз жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатта бөлінген қаражаттың жалпы құны биыл 3,5 миллиард теңгені құрайды.
Жоба бойынша Күршім мен Үржар аудандарында бассейн ашылады. Ал Көкпекті ауданында денешынықтыру-сауықтыру орталығы салынса, Глубокое кентінде жаңа Мәдениет үйі бой көтеруде. Бұл демалыс орталықтары 26,5 мың тұрғынға арналған.
Сонымен қатар Күршім және Үржар аудандарының жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, «Ауыл - Ел Бесігі» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрмысын жақсарту, модернизациялау және ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдері мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету. Нақтырақ айтқанда, ауыл тұрғындары жарқын өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау. 2026 жылға дейін аймақтың 116 ауыл тұрғындары осындай сапалы стандартқа қол жеткізулері керек.