ШҚО балықшылары өңірдің табиғаты мен өзен-көлдері туралы деректі фильм түсірмек

621
көрілім
Жақында құрылған «ШҚО балықшылар одағы» қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстанда тур ұйымдастырып, өңірдің әсем табиғатын әлемге паш етпек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Болашақта біз облыстағы барлық өзен-көлдерді аралап, деректі фильм түсіруді ойлап отырмыз. Ол реалити-шоу түрінде өтеді. Қатысушылары табиғаттың бір бөлшегіне айналып, тылсымына қанық болады, — дейді «ШҚО балықшылар одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Виктор Волков.

Сонымен қатар, әуесқой балықшылар өзен-көл жағасындағы тәртіп пен тазалықтың сақталуына да күш салады. Ол үшін арнайы 8 705 752 65 66 WhatsAрp нөмірі де құрылған, яғни кез келген өңір тұрғыны өзен-көл жағасы көркінің бұзылуына куәгер болса – аталмыш нөмірге видео немесе фототүсірілім жолдай алады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ