ШҚО дәрігерлерінің барлығы жәрдемақыға ие болады

351
көрілім
Фотосурет Vlast.kz сайтынан

Коронавируспен күрес кезінде алдыңғы шепте жүрген шығысқазақстандық дәрігерлерге жәрдемақы жуық арада төленбек. Бүгін сағат 16:00-де қордан бөлінген қаржы медициналық мекемелер мен стационарлардың есеп шотына аударылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жуықта 4 мыңға жуық дәрігер мен медициналық қызметкерлердің тек 1940-ы арнайы үстемақыға ие болды деген ақпарат тараған болатын. Осы ретте бүгін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры емханалардың есеп шоттарына тиісті қаржы аударып, енді өңір дәрігерлерінің барлығы өздеріне тиесілі жәрдемақыға ие болады. Қаржының мерзімінде аударылмау себебі – маусым айында провизорлық, жұқпалы аурулар және карантиндік стационарлар санынын көбеюінен. Қазір жағдай қалыпқа түсіп, тұрғындар игілі үшін аянбай еңбектенген ақ халаттылар қосымша үстемақыны міндетті түрде алатын болады.