ШҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» және «Мотоцикл» жедел іс-шараларын бастады

344
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Мұндағы негізгі мақсат – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, сондай-ақ мотоцикл жүргізушілерінің жол ережесін бұзуына жол бермеу.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел іс-шаралар аясында көліктің және көлік иелерінің тиісті құжаттарын тексереді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалдамалы бұрын сотталғандар мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды, пәтерлерді, бос қалған үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа қожалықтарын, қыстақтарды және басқа да шалғай учаскелерді тексереді.
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жиі болатын жерлерде және қала сыртындағы көлік жолдарында тәртіп күшейтіледі. Оған қоса полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерді бақылауға алып, суық қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды тәркілейді. Осы күндері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар мен заңсыз көшіп-қонушылар да жауапкершілікке тартылады.
«Тұрғындарды жедел-алдын-ау іс-шараларына түсіністікпен қарауға, полиция қызметкерлерінің талабына бағынып, тиісті құжаттарды ұсынуға шақырамыз. Сондай-ақ мототехника иелерінің жолда өте мұқият болуын, шлемді үнемі пайдалануын, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін сақтауын сұраймыз», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Жедел шаралар қазан айының 6-на дейін жалғасады.