ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары көз жұмды

69
көрілім

Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірдегі құқық қорғау органы Ішкі істер министрлігінің полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
- Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты, - делінген мәліметте.
Оның соңғы атқарған қызметі - Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары. Kaztag.kz мәліметінше, жасы 43-те болатын.

Фотосурет eastkazpolice парақшасынан