ШҚО Прокуратурасында 2500-ден жоғары сотқа дейінгі өндіріс электронды форматта тергелген

315
көрілім

ШҚО прокуратурасының алқа отырысында сотқа дейінгі тергеу сапасы мен қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алқа отырысында азаматтардың шағымдарын қарау мәселесіне аса назар аударылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша тергеу органдарының әрекеттеріне берілген шағымдардың 23,5% төмендеген. 2019 жылдың 8 айында облыс прокуратурасына 3694 шағым түссе, өткен жылы 4829 шағым түскен.

– Сонымен қоса жүйелі бұзушылықтардың арасында әрекеттерді қате саралау, процеске қатысушылардың өтінішхаттарын сапасыз қарау сияқты бұзушылықтар көп. Тек қана соңғы екі жылдың ішінде облыс прокуратурасы ақтау негіздерімен 26 қылмыстық істі тоқтатқан, нәтижесінде барлық кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылды, – деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.