ШҚО спортшысы халықаралық жарыста топ жарды

157
көрілім
Фотосурет аудан әкімінің жеке парақшасынан

Алтай ауданының тумасы Екатерина Шевченко қол күресінен халықаралық жарыста топ жарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ақпаратпен аудан басшысы Ренат Құрмамбаев бөлісті.
– Жаңа Бұқтырма кентінің БЖСМ-нің қол күресі бөлімшесінің спортшысы 1-5 ақпан аралығында Омск қаласында өткен «Сібір аюы» атты халықаралық жарысында үздік нәтиже көрсетті. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанды, – деді ол.