ШҚО тұрғыны есірткіні шұлығына жасырған

768
көрілім
Шартты фотосурет

Шемонаиха ауданының полиция бөліміне кезекшіден тексеру барысында қызметтік иттің есірткінің болу мүмкіндігіне белгі бергені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, хабарлама кешкі уақытта  шекаралық бақылау бекетінде Шемонаиха қаласының 54 жастағы тұрғынның оң жақ шұлығында есірткі жасыру күдігіне іліну бойынша жеткен.
- Тексеру барысында жолаушылар терминалының үй-жайындағы еденде спецификалық иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Жеке тінту барысында қағаз түйіншекті шұлығына жасырғаны анықталды, - делінген мәліметте.
Сараптамаға сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 5,64 гр кептірілген марихуана екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.