ШҚО-да 46 адам коронавирус жұқтырды

357
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 46 адам тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Науқастардың ішінде 17 адам Семей қаласынан, 9 адам Өскемен қаласынан, 2 адам Курчатов қаласынан, 3 адам Аягоз ауданынан, Тарбағатай, Жарма, Бородулиха аудандарында 5 адамнан.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 12 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 3 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 742 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 192.