ШҚО-да 7386 адам ЖРВИ жұқтырған

584
көрілім
Шартты сурет

Жыл басталғалы өңірімізде тұмаудың А және В типті штаммын 200 адам жұқтырған. ЖРВИ бойынша да көрсеткіштер көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында аймақта маусымдық тұмаудың бірде-бір жағдайы тіркелмепті. Ал желтоқсан айында жағдай күрт өзгеріп, 55 адамның тұмау жұқтырғаны анықталды. Оның көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар.

Вирус жұқтыру көрсеткіші аз тіркелген аудандар қатарында Бородулиха, Глубокое және Көкпекті өңірлері бар.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дәрігерлері А (H3N2) және В типті тұмау вирусы штаммын жұқтыру көрсеткіші артып келеді деп хабарлауда.

Мұндай типті вирустар біртіндеп өршиді. Бронхит, пневмония, жүрек-тамыр және орталық жүйке жүйелерінің зақымдануы сияқты асқынулардың дамуымен сипатталады.

Өткен жылы облыс бойынша ЖРВИ-дің 114 082 жағдайы тіркелсе, биыл қаңтар айынан бастап 7386 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жағынан Семей көш бастап тұр.