ШҚО-да «Ақ тілекпен, Елбасыға!» – «Наши поздравления – нашему Президенту!» жастар акциясы бастау алды

334
көрілім

Шығыс Қазақстанда шығысқазақстандық жастар әлеуметтік желілер арқылы Елбасы мен республикамыздың барлық тұрғындарын мерекемен құттықтайтын «Ақ тілекпен, Елбасыға!» – «Наши поздравления – нашему Президенту!» жастар акциясы бастау алды.

Акцияға қатысушылар Instagram парақшасындағы «Ақ тілекпен, Елбасыға!» деген жазуы бар стендтің фонында фотоға түсіп, ұлт Көшбасшысына арналған құттықтаулар мен ақ тілектер жазылған фотосуреттерді Вконтакте, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне салады. Құттықтау акциясы #MeninPrezidentim, #MoiPrezident, #MyPresident хэштегтерімен өтеді.

Стендтер сауда үйлерінде, ойын-сауық кешендерінде, кинотеатрларда, сондай-ақ облыстағы үлкен қалалардың білім беру мекемелерінде орналастырылған.

«Біз үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы зор. Жастар Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне қалтқысыз қызмет еткендігі туралы білулері керек, өйткені Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында оның алатын орны ерекше. Бұл акция арқылы жастарымыздың қазақстандық патриотизм рухын көтергіміз келді. Аталмыш акция бірінші рет осындай ауқымды түрде өткізілуде. Мұндай форматты таңдау бекерден бекер емес, қазіргі таңда жастардың 80%-ы әлеуметтік желілерді қолданады,» – деп атап өтті аталған акцияның бастамашысы, әлеуметтік желінінің белсенді қолданушысы Берік Қәдірұлы.

Аталмыш іс-шара 20 қарашада басталған Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өту керек.