ШҚО-да алдағы күндері ауа температурасы 25 градусқа дейін ысиды

641
көрілім
Қазгидромет 25-27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан өңірінде күн едәуір ыситынын хабарлайды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жаумайды. Атап айтқанда, сәуірдің 25-ші жұлдызында термометр көрсеткіші күндіз +17…+19 градусты көрсетсе, 26 күні +24 градусқа дейін, ал 27-де ауа температурасы +25 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал аталған күндері түнгі уақытта ауа температурасы +3…+6 аралығында сақталады.

Мейрамбек Қосажан