ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

337
көрілім
Шартты фотосурет

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің шығыс бөлігіне әсерін сақтап қалуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірқатар өңірлерде жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Ал республиканың батыс және оңтүстік-батыс жартысында антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен ауа райы ыстық және жауын-шашынсыз болмақ. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп болжауда.