ШҚО-да демалыс күндері үш адам суға кетті

309
көрілім

Оқыс оқиғаның себебі жабдықталмаған жерлерде суға түсуден болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Суда іздестіру жұмыстары Катонқарағай ауданы, Өскемен және Риддер қалаларында жүргізілді.
Бұқтырма су қоймасында 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Суға батқан еркек жабдықталмаған жерде суға шомылғанымен қатар мас күйде болғаны анықталған.
Осы сияқты қауіпті аймақта суға батқан 40 жастағы риддерлік сол орында тіл тартпай кетті. Өскемен қаласында да 33 жасар жігіттің денесі котлованда табылған.
Айта кету керек, суға шомылу маусымы ашылғаннан бастап құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1200-ден аса алдын алу рейдтарын жүргізген. Нәтижесінде 32 адам алкогольдік сусындарды ішу мен мас күйде қоғамдық орында болғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.