ШҚО-да дәрі-дәрмекке мониторинг жүргізілді

337
көрілім

«Nur Otan» партиясының Өскемен қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ыстықты түсіретін және вирустарға қарсы дәрі-дәрмектердің дәріханалар мен толайым сату орындарында бар-жоғына мониторинг жүргізді.

Рейд барысында дәрілердің орташа бағаларына ерекше көңіл бөлінді. Мониторинг дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесінің өз шешімін тауып келе жатқандығын көрсетті.

Сұранысқа ие дәрілер болмай қалған жағдайда алмастыратын дәрі-дәрмектер ұсынылуда.