ШҚО-да әлеуметтік нысандарға жылу берілді

535
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша өңірдегі барлық әлеуметтік маңызды нысандарға жылу беру науқаны басталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аймақ басшысына білім, денсаулық сақтау және өзге әлеуметтік мекемелердің қысқа 100% дайындығы туралы баяндалған еді. Осы ретте, облыстағы ауа температурасының күрт төмендеуіне орай бюджет саласындағы барлық ғимараттарға бірден жылу берілді.

Бүгінде өңірде тұрғын үйлерді кестеге сай жылу беру маусымына дайындап жатыр. Қазанның бірінде олар да қыстың қаһарлы күндеріне сақадай сай болмақ. Ал үйлерге жылу жоспарға сай тиісті мерзімде беріледі.