ШҚО-да өрт: құтқару жұмыстарына 300-ден астам полицей жұмылдырылды

408
көрілім

 Риддер қаласында мамыр айының 10-ы күні басталған өртке байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы мен облыстық полиция департаменті бастығының өкіміне сәйкес өңірдегі тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алғашқы минуттан бастап полицейлер құтқарушыларға өртті сөндіру және өрт аймағынан адамдарды эвакуациялау кезінде қолұшын беруге асықты.
Өрт кезінде тәжірибелі полиция қызметкерлері тұрғындарға үйден кету қажеттілігі туралы хабарлап, әр есікті қағып, қауіпсіз жерге жетуге көмектесті.


Риддер қалалық Полиция басқармасы барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылып, тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция нарядтарының тығыздығы күшейтілді. Түні бойы шағын ауданда патрульдік қызмет экипаждары қойылып, қоршау ұйымдастырылды, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонаудың алдын алу мақсатында бос тұрған тұрғын үйлерде кезекшілік ұйымдастырылды.


ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес құтқару жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылған. Глубокое және Шемонаиха аудандарының полиция бөлімдері, сондай-ақ ШҚО ПД жедел ден қою арнайы бөлімшесінің жауынгерлері өрт орнынан табылды.
Сонымен қатар өрт фактісі бойынша Риддер қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі ҚР ҚК 204 - бабы 2-бөлігіне сәйкес отты абайсыз қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.