ШҚО-да шағын бизнес өкілдеріне қандай жеңілдік қарастырылған?

492
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл сұраққа ANTIKOR.LIVE жобасы аясында өткен брифинг барысында жауап берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалардың айтуларынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік деңгейде заңнамаға толықтырулар енгізіліп, жан-жақты бекітілген.

– Осы ретте шағын бизнес өкілдері 2020, 2021 және 2022 жылдарға салықтан босатылғанын айта кеткен жөн, – деді ШҚО Мемлекеттік кіріс департаменті түсініктеме жұмысы басқармасының басшысы Надежда Дроздова.

Басқарма басшысы көпшілік үшін мұның тың ақпарат емес екендігін ескеріріп, кәсібін енді бастап жатқандарды құлаққағыс етуді жөн көрді. Аталған мораторий 2020 жылдың қаңтарынан бастап күшіне еткен-тұғын.