ШҚО-да «Силумин-Восток» ЖШС-ны қолдау мүмкіндіктері талқыланды

332
көрілім

 ШҚО әкімдігі «Силумин-Восток» кәсіпорнына қолдау білдірмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Екі облыстық басқарма өкілдері Өскемендегі машина жасау саласындағы ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты.
«Силумин-Восток» ЖШС бас директоры Олег Фроимчук БАҚ өкілдеріне өнеркәсіп барысын көрсетіп, инфрақұрылым тұрғысындағы мәселелерге талдау жүргізді.
Аталмыш ЖШС 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір ол айына 500 млн теңгенің, жылына 400-ге жуық өнім шығаратын циклды зауыт.
- Біздің зауыт отандық өнеркәсіптік жабдықтардың ірі өндірушісі, инженерлік шешімдерді әзірлеуші, бағдарламалық жүйелердің интеграторы, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, сумен жабдықтау және кәріз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы саласындағы қызмет көрсетуші кәсіпорын, - деді кәсіпорынның даму жөніндегі директоры Наталья Макридина.
Қазір ЖШС-да 400 адам жұмыс істейді. Десек те, жетістіктермен қатар, төрт алаңды алып жатқан кәсіпорында түйткілді мәселелер де бар. Нақты айтқанда, жылумен, электрмен қамтуға инфрақұрылым жеткіліксіз.
Осы тұрғыда ШҚО әкімдігі қолдау танытпақ. ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, инфрақұрылым мәселесі заң аясында қарастырылып, «Бизнестің жол картасы» жобасы бойынша немесе инвестициялық бағдарлама шеңберінде шешімін табады.